Артқа


6

6 ПИЛОТТЫҚ ЖОБАДАҒЫ
ЖҮЙЕНІҢ ТИІМДІЛІГІН
СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

23

ОПЕРАТОРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН
23 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

4

ЕАЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ 4 ЖҮЙЕСІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ


 

Жобаның сипаттамасы:

 

«Транзит» орталығы «ҒТТИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы тасымалдарды қадағалаудың ұлттық ақпараттық жүйесі операторының функцияларын орындау мақсатында құрылды.

 

Транзит орталығы ұлттық оператор ретінде келесі функцияларды орындайды:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органда айқындалған тәртіпке сәйкес, навигациялық спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тасымалдаушыларға электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жөніндегі қызметтерді ұсынады.

 

Тасымалдарды қадағалау «ҒТТИ» ЖШС әзірлеген «Транзит» ақпараттық жүйесі («Транзит» АЖ) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. «Транзит» АЖ өткізілген пилоттық жобалар барысында ұлттық және халықаралық деңгейде сынақтан өтті. Атап айтқанда, 2018-2023 жылдар кезеңінде «ҒТТИ» ЖШС автомобиль және темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді бақылау үшін навигациялық пломбаларды қолдану бойынша 6 пилоттық жоба жүргізді. Оның ішінде 2 пилоттық жоба Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен және Қырғыз Республикасымен бірлесіп жүргізілді; қалғандары – ішкі пилоттық жобалар.

 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті пилоттық жобалардың нәтижелері табысты деп танылды және тауарларды транзиттік тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолданудың тиімділігі және оларды ЕАЭО кедендік аумағы бойынша тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру элементтерінің бірі ретінде пайдаланудың орындылығы расталды.

 

2024 жылғы 27 ақпанда «ҒТТИ» ЖШС жүйенің тиімді және үздіксіз жұмыс қабілеттілігін растайтын «Транзит» АЖ функционалдығын сынақтан өткізді («Транзит» АЖ функционалдығын сынау хаттамасы). Бұдан басқа, сынақтар барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 75 шешімімен белгіленген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдарды қадағалау үшін қолданылатын навигациялық пломбаларға қойылатын талаптарға навигациялық пломбалардың сәйкестігін тексеру жүзеге асырылды.

 

«Транзит» АЖ пломбаланған көлік құралдарының қозғалысты бақылау және орналасқан жерін анықтау функцияларын орындайды.

 

«Транзит» АЖ келесі міндеттерді шешуге арналған:

  • тауарлардың әкелінуін, әкетілуін және транзитін бақылау;
  • ЕАЭО ішкі нарығындағы тауарлар айналымының заңдылығын қамтамасыз ету.

 

 

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211-VII Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің нормаларын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығында Институттың инфрақұрылымын ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің ішкі шекарасындағы 15 автомобиль өткізу пунктінде және сыртқы шекарасындағы 11 автомобиль өткізу пунктінде өрістету жоспарлануда.

 

 

«Транзит» АЖ үш ішкі жүйеден тұрады:

  • ақпараттық портал;
  • деректерді өңдеу орталығы;
  • навигациялық пломбалар.

  

Навигациялық пломба - навигациялық жүйелер арқылы бақылау объектісіне қатысы бар ақпаратты беруді қамтамасыз ететін пломбалау элементі мен электрондық блоктан тұратын техникалық құрылғы.

 

 Бақылау субъектілері:

  • өзара саудадағы алкоголь мен темекі;
  • Кеден Одағынан тыс экспортталатын алкоголь мен темекі;
  • кедендік транзиттің кедендік рәсімі бойынша өткізілетін тауарлар.

 

Қазақстан Республикасының тасымалдарды қадағалау жүйелерінің ұлттық операторы ретінде «Транзит» орталығы мынадай қызметтерді көрсетеді:

  • Бақылау объектісін тасымалдауды бастау және оны қадағалау.
  • Одаққа мүше мемлекеттің аумағы бойынша бақылау объектісін тасымалдауды қадағалау.
  • Бақылау объектісін тасымалдауды қадағалауды аяқтау.

 

Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағалары:

Қызмет атауы Қосылған құн салығын есептемегенде бағасы, теңге
1 Бақылау объектісін тасымалдауды бастау және оны қадағалау 41 351
2 Одаққа мүше мемлекеттің аумағы бойынша бақылау объектісін тасымалдауды қадағалау 28 477
3 Бақылау объектісін тасымалдауды бақылауын аяқтау 37 874

 

Ұлттық оператордың қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасының 2024 жылғы 06 қыркүйектегі № 547/НҚ бұйрығымен бекітілген «Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы».

 

Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тасымалдаушылар мен мемлекеттік кірістер басшылары үшін «ҒТТИ» ЖШС Android жүйесі бар құрылғыға ыңғайлы қосымша әзірледі:

 


Өз сұрағыңызды қойыңыз


1.    "Транзит" АЖ тасымалдауды қадағалау жүйесін пайдалану міндетті ме? 

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211-VII Заңымен ратификацияланған тасымалдарды бақылау үшін Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүзеге асырылатын жүктерді тасымалдау қадағалауға жатады.

 

2.   Тасымалдауды ресімдеу, навигациялық пломбаны ілу және алу рәсімі қанша уақытты алады?

Тасымалдауды рәсімдеу 2-3 минутты алады. Көлік құралына навигациялық пломбаны ілу/алу рәсімі әр операция үшін небәрі 5-7 минутты алады.

 

3.   Тасымалдау үшін қажетті навигациялық пломбалардың санын қалай таңдауға болады?

Навигациялық пломбалардың қажетті санын кеден сфере саласындағы уәкілетті органның қызметкері және салық түсімдерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган пломбалауға жататын жүк көлігінің есіктерінің/бөліктерінің санына қарай анықтайтын болады.

 

4.    Штаттан тыс жағдай дегеніміз не? Штаттан тыс жағдайдың пайда болғанын кім анықтайды?

ЕАЭО алқасының "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жол жүру жолында туындаған штаттан тыс жағдайларға жататын бақылау объектілерін айқындау туралы" шешіміне сәйкес (22.08.2023 ж. №131) штаттан тыс жағдайларға мыналар жатады:

  • пломбалау элементінің тұтастығын бұзу;
  • электрондық блок корпусының тұтастығын бұзу;
  • тасымалдаудың (көлік) маршруттың жоспарланған нүктелерінен 50 км-ден астам қашықтыққа ауытқуы.;
  • навигациялық пломбаның дұрыс жұмыс істемеуі;
  • қуат беру деңгейі төмен
  • уәкілетті операторға навигациялық пломбаның технологиялық деректері бар хабарламалардың түспеуі (ҚР үшін – сағатына 1 рет, РФ үшін – 2 сағатта 1 рет, РБ үшін – 15 минутта 1 рет).

 

 

 

 



Байланыс ақпараты

«Транзит» Орталығы
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС

Email

Мекенжайы

050061, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Кисловодская көшесі, 34 үй
Жол картасы