Артқа


510 986

АВТОМОБИЛЬДЕР
ТІРКЕЛГЕН

2 037 727

ШАҚЫРУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ

5 123

112 ҚЫЗМЕТІНЕ
ЖІБЕРІЛГЕН ШҰҒЫЛ ШАҚЫРУЛАР


 

Жобаның сипаттамасы:

 

Қазақстан Республикасындағы Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарын жүзеге асыру үшін «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін «ААШШ» МААЖ әзірледі.

«ААШШ» МААЖ жүйесін құрудың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының жолдарында жүк және жолаушылар тасымалдарының қауіпсіздігін арттыру болып табылады, бұл авариялық-құтқару қызметтерінің оқиғалар мен төтенше жағдайларына әрекет ету уақытын қысқарту жолымен қол жеткізіледі. 

 

«ААШШ» МААЖ келесі міндеттерді шешу үшін құрылған:

 

  • шұғыл қызметтерді жол-көлік оқиғасы (ЖКО) немесе өзге де төтенше жағдай туралы хабардар ету уақытын қысқарту;
  • автокөліктің (автомобильдің) координаттарын нақты анықтау арқылы жедел жәрдемнің келу уақытын қысқарту.

 

 

«ААШШ» МААЖ жұмысының схемасы

 

Штаттан тыс жағдай туындаған кезде (ЖКО, өрт, аурудың ұстамасы, шабуылға куә болған кезде) шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысы (ШЖҚШҚ) автоматты режимде, жүргізушіге немесе жолаушыға дабыл түймесінің көмегімен қолмен түймені басып, шұғыл қызметті шақыруға мүмкіндік береді.

Апат болған жағдайда, көлік құралы туралы қажетті ақпарат, оның нақты координаттарын қоса алғанда, автоматты түрде ААШШ жүйесі операторының іріктеу байланыс орталығына жіберіледі. Диспетчер жүргізушімен байланысып, апат туралы растайтын құптау алғаннан кейін ақпаратты шұғыл әрекет ету қызметіне (Төтенше жағдайлар департаменті, Жол патрульдік қызметі, жедел жәрдем) жібереді. ААШШ жұмыс істеген кезде төтенше жағдай орнына жедел жәрдемнің келу уақыты 30 пайызға қысқарады.

 

Жүйенің артықшылықтары:

 

«ААШШ» жүйесі оның тиімді жұмысын қамтамасыз ететін бірнеше маңызды ерекшеліктері бар. Операторлардың бірінің желісінде тіркелген ұялы телефондардан айырмашылығы, «ААШШ» барлық ұялы байланыс операторларымен жұмыс істейді. Төтенше жағдай туралы ақпаратты беру үшін құрылғы белгілі бір аймақтағы сигналдың ең жоғары деңгейі бар ұялы байланыс операторының желісін автоматты түрде таңдайды. Жедел құтқару қызметтеріне берілетін «ААШШ» трафигіне ұялы оператордың деректер беру желілерінің айтарлықтай шамадан тыс жүктелуі жағдайында да төтенше жағдайлар орнынан деректер пакетін жеткізуге мүмкіндік беретін басым мәртебе беріледі. 
Егер желі көптеген телефон қоңырауларымен жүктелген болса, онда ақпаратты беру үшін басқа абоненттердің телефон қоңыраулары өшірілуі мүмкін. Мұндай шара апат сигналын

«ААШШ» жүйесінің операторына жеткізуге кепілдік береді. Айта кету керек, «ААШШ» жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы мен жабдықтары бір уақытта қабылданатын көптеген шақыруларды жылдам өңдеу мүмкіндігіне ие.

«ААШШ» орталығы 2015 жылы «ҒТТИ» ЖШС-не жүктелген авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың жүйесі операторының функциялары мақсатында құрылды.

 

«ААШШ» орталығы келесі функцияларды орындайды:

 

  • қазақстандық «ААШШ» МААЖ авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың жүйесін пайдалану;
  • шұғыл шақыру жүйесін құру және дамыту жөніндегі жобаны басқару;
  • шұғыл шақыру жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
  • шұғыл шақыру жүйесінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
  • шұғыл шақыру жүйесінде шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысын тіркеу және есепке алу;
  • абоненттерді сәйкестендіру карталарын шығару.

 

Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың жүйесінің операторы ретінде «ААШШ» орталығы мынадай қызметтерді көрсетеді:

 

  • ААШШ жүйесінде ШЖҚШҚ құрылғысын тіркеу
  • Абоненттерді сәйкестендіру карталары үшін SIM профильдерін ұсыну
  • ШЖҚШҚ құрылғысын көлік құралдарына орнатумен айналысатын орнату орталығын аттестаттау
  • Шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен жабдықталған автомобильдерден келіп түскен шұғыл шақыруларды қабылдау және өңдеу
  • Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шұғыл шақыруларды жедел әрекет ету қызметтеріне жіберу.

 

«ААШШ» МААЖ жүйесінің Операторының жаңа тарифтері:

 

2025 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегi абоненттерді сәйкестендіру картасы үшін бейінді шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларын (ШЖҚШҚ) өндірушіге ұсыну жөніндегі қызметке («ААШШ» МААЖ), сондай-ақ «ААШШ» МААЖ-да ШЖҚШҚ туралы деректерді тіркеуге, қайта тіркеуге және жоюға бағаны бекіту туралы" 2025 жылғы 05 ақпандағы №49/НҚ бұйрығына қол қойды (мемлекеттік тіліндегі бұйрық; орыс тіліндегі бұйрық).

 

Бекітілген тарифтер сараптамадан өтті және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілді.

 

Осы бұйрыққа сәйкес, «ААШШ» МААЖ операторының қызметтерінің құны өзгерді, жаңа тарифтер кестеде келтірілген:

 

Қызметтің атауы Қосылған құн салығын (12%) есебімен бағасы, теңге
1 Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақырулардың Мемлекеттік автоматтандырылған жүйесіне абоненттерді сәйкестендіру картасы үшін бейін ұсыну («ААШШ» МААЖ) 6 568.15
2 «ААШШ» МААЖ жүйесінде ШЖҚШҚ құрылғыларын тіркеу («ААШШ» МААЖ және ЭРА-ГЛОНАСС МААЖ бейінімен) 6 568.15
3 «ААШШ» МААЖ жүйесінде ШЖҚШҚ құрылғылары туралы тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу 6 568.15
4 «ААШШ» МААЖ жүйесінде ШЖҚШҚ құрылғылары туралы деректерді жою 6 568.15

 

 

SOS түймесі не үшін қажет?

 

 


Өз сұрағыңызды қойыңыз


 



Байланыс ақпараты

«ААШШ» Орталығы
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС

Мекенжайы

050061, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Кисловодская көшесі, 34 үй
Жол картасы