Институт 2009 жылы құрылды, ғарыш қызметі саласында және ғылым мен техниканың басқа да салаларында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысты, авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың Мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ААШШ) әзірлеушісі, сонымен қатар, қазіргі заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында өтетін халықаралық көлік дәліздерін басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеушісі болды.
Қазіргі уақытта Институт шұғыл шақыру жүйесінің операторы, сонымен қатар, навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып табылады.
Институт әзірленген жүйелерді пайдаланудан басқа, навигациялық құрылғылар мен ғарыштық техника, сымсыз байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, оның ішінде қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүдделері саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименталды әзірлемелер сияқты технологиялық байланысты қызмет түрлерін орындаумен бірге, оларды дамытумен айналысады.

- Государственная лицензия № 13018254 от 23.11.2013 года (Использование космического пространства, включая создание, производство, эксплуатацию, ремонт и модернизацию ракетно-космической техники, использование наземной инфраструктуры для обеспечения ее функционирования (полигон, командно-измерительный комплекс, стендовая база и другие).
- Свидетельство об аккредитации в качестве субьекта научной и (или) научно-технической деятельности № 000311 от 14.12.2021 года.
- Приказ Министра МЦРИАП РК от 10 января 2024 года № 11/НҚ об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права товариществом с ограниченной ответственностью "Институт космической техники и технологий".
- "Арнайы құқық субъектісі "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 11/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жарғысы.
- «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесін құру және құрамын бекіту туралы.
- «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ревизиялық комиссиясы (ревизоры) туралы Ереже.
- Инсайдерлік ақпаратты иелік ету мен пайдалануға ішкі бақылау қағидалары.