Артқа

 

Жобалар ҒТТИ

 

2010 жылы Институт құрылған сәттен бастап ғарыштық техниканың, сонымен бірге Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларындағы түпкілікті тұтынушыларға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендердің әртүрлі үлгілерін математикалық және имитациялық модельдеуге, жобалауға және дайындауға байланысты қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар басталды.

Отандық ғарыш аппараттарына (нано- және микроспутниктерге) арналған аспаптардың, құрылғылардың және ішкі жүйелердің эксперименталды және тәжірибелік үлгілері әзірленді: наноспутниктің бағдарын анықтауға арналған күн және магниттік датчиктің эксперименталды үлгілері, бағдарлауды басқару жүйесінің, борттық басқару кешенінің эксперименталды үлгілері, ҒА бағдарын анықтауға арналған жұлдыз датчигінің тәжірибелік үлгісі, жұлдыз датчигінің және бағдарлауды басқару жүйесінің жұмыс алгоритмдерін пысықтауға арналған сынақ стендтері және т. б.

Қазіргі уақытта ғарыштық техника және технологиялар институтының қолданбалы әзірлемелерінің көпшілігі ел экономикасының көптеген салаларында сәтті жұмыс істейді.


Ең маңызды жобалар:

 

  • 2012-2013 жылдары "Қазақстан ғарыш сапары "Ұлттық компаниясы" АҚ тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесі үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды, конструкторлық құжаттама әзірленді, өндіріс ұйымдастырылды және дифференциалды түзетудің 52 базалық станциясы өндірілді;
  • 2014-2015 жылдары "Қазақстан ғарыш сапары "Ұлттық компаниясы" АҚ тапсырысы бойынша роверлердің (базалық станциялардан жоғары дәлдіктегі түзету сигналдарын қабылдауға және объектілердің координаттарын анықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мобильді қабылдағыштар) 4 тәжірибелік үлгісі дайындалып, сыналды;
  • 2016-2018 жылдары "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" РММ тапсырысы бойынша Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын іске асыру үшін GPS/ГЛОНАСС  технологиялары негізінде авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААШШ МААЖ) әзірленіп, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді (2019 жылғы қаңтар). Бүгінгі таңда Институт ААШШ МААЖ жүйесінің операторы болып табылады;
  • 2014-2018 жылдары "Ғалам" ЖШС тапсырысы бойынша Жердің электромагниттік өрісін зерттеу үшін KazSciSat-1 ғылыми мақсаттағы жерсерігімен ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесін математикалық модельдеу, жобалау, дайындау, ұшыру (2018 ж. 4 желтоқсан) және пайдалануға беру бойынша жұмыстар орындалды;
  • 2012-2014 жылдары дербес және кластерлік суперкомпьютерлер әзірленіп, олардың тәжірибелік өндірісі дайындалды;
  • 2018-2020 жылдары ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде ТМД елдерінің қатысушылары аумақтары бойынша өтетін халықаралық көліктік транзиттік дәліздерін басқаратын аппараттық-бағдарламалық кешенін құру" БНҚ бағдарламасы шеңберінде Транзит зияткерлік көлік жүйесі (ЗКЖ-Транзит) әзірленді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясына өткізілетін тауарлар мен автокөлік құралдарының бақылау бойынша әртүрлі пилоттық жобалар жүргізілді. Бүгінгі таңда Институт халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып табылады.

 

  • Ғарыштық техника мен технологияларын әзірлеу және сынау ғылыми-эксперименталды зертханасы (ҒТТҒЭЗ) құрылды және пайдалануға берілді (2018 жылғы, наурыз айы).

 

  • 2010-2023 жылдары орындалған ҒЗТКЖ шеңберінде "ҒТТИ" ЖШС ғарыштық техниканың және түпкілікті тұтынушыларға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендердің 16 эксперименталды және тәжірибелік үлгілерін әзірледі, 60-тан астам шаруашылық келісім-шарт жұмыстары орындалды.

 

Институттың іргелі және қолданбалы зерттеулері

 

I. 2008 жылы:

 

1. 2008 жылы 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 3 жоба орындалды:

  • «Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі (ҒБҒЖ) ақпараттарын өңдеу технологиясы және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;
  • «Қазақстан Республикасында ғарыштық техниканы дамыту бойынша ғылыми жүйелі зерттеулер жүргізу»;
  • «Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу мәселелері бойынша нормативтік актілер қорын құру, техникалық регламент және стандарттар әзірлеу. Ғарыштық техника нысандарының сәйкестігін растау үшін схемалар және нормативтік – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».


II. 2009-2011 жылдары:

 

1. 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 5 жоба орындалды:

  • «Жоғары дәлдікті спутниктік навигациялық жүйенің жерүсті және пайдаланушылық сегментіне бағдарламалық- математикалық жасақтамасын әзірлеу»;
  • «ҒА басқару жүйесінің имитациялық моделін және бағдарламалық – математикалық жасақтамасын әзірлеу және оларды ғарыш жүйесін имитациялық моделдеу жүйесіне интеграциялау»;
  • «Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі ақпараттарын өңдеу технологиясы мен ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;
  • «Қазақстан Республикасындағы ғарыш техникасының (ҒТ) дамуын болжамдау және кешендік талдаудың ғылыми – әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу»;
  • «Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу жүйесінің ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».

 

2. «Қашық және жақын ғарыштағы нысандар мен жүйелерді зерттеу, Жерді ғарыштан зерттеу, ғарыштық технологиялардың ғылыми негіздерін дамыту» іргелі зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Ғарыштық технологиялар мен материалдардың теориялық негіздерін дамыту» бағыты бойынша келесі 1 ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) орындалды:

  • «Спутниктік навигациялық жүйе сигналдарын пайдалана отырып, ғарыш аппараттарының орналасуын жоғары дәлдікпен анықтау әдісін әзірлеу» ҒЗЖ.

 

III. 2012-2014 жылдары:

 

1. 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 6 жоба орындалды:

  • «Ұтқыр ғарыш байланысы және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесінің ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу»;
  • «Ғылыми-технологиялық ғарыш аппаратының мақсатты жабдығын құру, сынау және пайдалану бойынша технологиялық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;
  • «Спутниктік навигациялық технологиялар мен лазерлік қашықтықты өлшегішті қолдана отырып, 3D ірі көлемдегі моделдерді құру әдісі мен технологиясын жасау»;
  • «Микросеріктің қозғалысын басқару мен навигация жүйесінің математикалық қамтамасыз етуі мен имитациялық моделін әзірлеу»;
  • Ғарыш аппараттарына арналған жұлдыз датчигіне математикалық қамтамасыз етуі мен имитациялық моделін әзірлеу»;
  • Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу (бағалау және сәйкестікті растау) үдерістеріне ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».

 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырмасы бойынша 055 «Ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 ғылыми – зерттеу жұмыстары орындалды:

  • «Деректерді серіктік тасымалдау жүйесіне арналған қуатпен қамтудың дербес жүйе бөліктерін әзірлеу» тақырыбы бойынша;
  • «Серіктік навигация құралдары арқылы нысандарының жоғары дәлдікті кеңістіктік бағдарлау тапсырмаларын шешуге бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін әзірлеу» тақырыбы бойынша.

 

3. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулер бойынша «Қауіпті жүктерді тасымалдауының серіктік бақылау жүйесін әзірлеу» жобасы бойынша инновациялық грант (орындау мерзімі: 2012 жылдың ақпаны - 2014 жылдың қаңтары).

 

IV. 2015-2017 жылдары:

 

1. 008 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 4 жоба орындалды:

  • «Наноспутникті басқарудың  борттық кешендерінің эсперименталды үлгілерінің бағдарламалық-математикалық жасақтамасын әзірлеу»;
  • «Ғарыш аппараттарына арналған жұлдық датчигінің тәжірибелік үлгісі мен бағдарламалық-математикалық жасақтамасын әзірлеу»;
  • «Жердің төменгі орбиталы спутниктерін пайдалану арқылы жерүсті радиоэлектронды құралдардың сәулелену сиапттамасын зерттеу»;
  • «Ғарыш аппараттарында және оның функционалық қосымшаларында қолдану үшін ғаламдық спутниктік навигациялық жүйелердің  радиосигналдарын өңдеу модулінің эксперименттік үлгілерін жасау».

 

 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша «Ғылымды дамыту» 217 бюджеттік бағдарламасының «Ғылыми зерттеулерді грантты қаржыландыру» 102 ішкі бағдарламасы бойынша 1 ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды:

  • «Атмосфералық-литосфералық байланыстарды зерттеу және найзағай пеленгілеу үшін электромагниттік өлшемдер жүйесін жасау» № 0100/ГФ4 тақырыбы бойынша.

 

V. 2018-2020 жылдары:

 

1. 008 «Ғарыштық қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның техногенді өзгерістерінің мониторингі және болжау ғарыштық технологияларын дамыту, ғарыштық техника мен жерүсті ғарыштық инфрақұрылымдарын құру, алыс және жақын ғарыш нысандарын зерттеу» № BR05336383 ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша 5 жоба орындалды:

  • «Аумақтық және ғаламдық найзағай пеленгілеу деректері бойынша литосфералық-атмосфералық байланыстарға арналған бағдарламалы-математикалық қамтамасыз етуді әзірлеу»;
  • «Спутниктік және ұшқышсыз ұшу аппараттарының бағдарлау жүйесін жерүсті сынау жүйесіне арналған аппаратты-бағдарламалы кешен әзірлеу»;
  • «Калманнің ортогональді UD-сүзгісін пайдаланып гибридті инерциалды-спутниктік навигациялық жүйесінің эксперименталды үлгісін әзірлеу»;
  • «Ғарыштық байланыс технологияларын пайдаланып таулы көлдер күйі мониторингінің бағдарламалы-техникалық кешенінің эксперименталды үлгісін әзірлеу»;
  • «Ғаламдық навигациялық спутниктік  жүйелері мен мобильді спутниктік  байланысы технологияларын пайдаланып кіші әуе ұшақтарының ұшу траекториясы мониторингі жүйесінің аппаратты-бағдарламалы кешенін әзірлеу».

 

2. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша  "Ғылымды дамыту" 217 бюджеттік бағдарламасы бойынша "Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру" 101 кіші бағдарламасы: "Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" басымдығы бойынша 1 ғылыми-техникалық бағдарлама орындалды:

  • №BR05236762 "Заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде ТМД елдерінің қатысушылары аумақтары бойынша өтетін халықаралық көліктік транзиттік дәліздерін басқаратын аппараттық-бағдарламалық кешенін құру".

 

3. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша "Ғылымды дамыту" 217 бюджеттік бағдарламасы бойынша  "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" 102 кіші бағдарламасы бойынша 1 ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды:

  • № AP05134038 "Бұлтты технологияларды пайдалана отырып, референцті GNSS станцияларының желілік инфрақұрылымын басқарудың бағдарламалық жүйесін әзірлеу" тақырыбы бойынша.

 

VI. 2021-2023 жылдары:

 

1. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша  "Ғылымды дамыту" 217 бюджеттік бағдарламасы бойынша  "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" 102 кіші бағдарламасы бойынша 3 ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды:

  • АР09269584 ЖТН "Дифференциалды түзетуді пайдаланбай спутниктік навигациялық анықтамалардың дәлдігін арттыру үшін әдістер мен аппараттық-бағдарламалық құралдарды әзірлеу" тақырыбы бойынша;
  • АР09260581 ЖТН "Жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің (ЖНСЖ) спутниктік навигациялық сигналдары бойынша әуе объектілерінің пассивті радиолокациялық жүйесін әзірлеу" тақырыбы бойынша.
  • 00045/ГФ-ДСП-20 "Жедел-іздестіру іс-шаралары үшін нақты уақыт режимінде бейне ағыны мен навигациялық деректерді қабылдау және берудің аппараттық-бағдарламалық кешені""ҚБПҮ" құпиялылық белгісімен тақырыбы бойынша.

 

VII. 2022-2024 жылдары:

 

1. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша "Ғылымды дамыту" 217 бюджеттік бағдарламасы бойынша  "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" 102 кіші бағдарламасы бойынша 1 ғылыми-зерттеу жұмысы орындалуда:

  • АР148043/0222 "BigData технологиясын пайдалана отырып, Жердің магнит өрісінің деректері бойынша жерүсті объектілерін орналастыру жүйесін әзірлеу" "ҚБПҮ" құпиялылық белгісімен тақырыбы бойынша.