Артқа


100

100-ДЕН АСТАМ
ЖАБДЫҚТАР БІРЛІГІ

40

40-ТАН АСТАМ
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

10

10-НАН АСТАМ
ТІРКЕЛГЕН ПАТЕНТТЕР


 

Ғарыштық техника және технологияларды әзірлеу және сынаудың ғылыми-эксперименталды зертханасы (ҒТТҒЭЗ) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі №29Н/К бұйрығына сәйкес пайдалануға берілді.

 

ҒТТҒЭЗ аспаптары мен жабдықтарын пайдалануға қатысты ҒТТИ қызметі:

 

1. Ғарыш қызметі саласында және ғылым мен техниканың басқа да салаларында, сонымен қатар, экономиканың әртүрлі салаларында қызметтердің түпкілікті тұтынушылары үшін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құру кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстар мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ғылыми-эксперименталды қамтамасыз ету және қолдау: ғалымдарға ҒТТҒЭЗ аспаптары мен жабдықтарына қолжеткізуді ұсынуға қатысты ғарыш қызметі саласында және ғылым мен техниканың басқа да салаларында Ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату.

 

2. Ғарыш қызметі саласында және ғылым мен техниканың басқа да салаларында кадрлық әлеуетті дамытуға қатысты жұмыстар жүргізу, атап айтқанда студенттерді, магистранттарды, докторанттарды практикалық оқытуға қатысты жоғары оқу орындарымен (ЖОО) белсенді өзара іс-қимыл жүргізу: студенттерді практикалық оқытудың жүйелі тетігін енгізу мақсатында, Институт Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарамағындағы кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарының білім алушыларының кәсіптік практикасын өтуінің регламентіне (Комитет төрағасының 27.12.2023 ж. № 669/НҚ бұйрығымен бекітілген) сәйкес ЖОО-мен бірлескен қызмет бойынша жұмыстарды өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде. 

 

3. «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018 талаптарына сәйкестігіне қатысты шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларын (бұдан әрі – ШЖҚШҚ)  тестілеу бойынша жұмыстар жүргізу:

  • ШЖҚШҚ дауыс күшейткіш байланыс жүйесінің мәлімделген сипаттамаларын сынау;
  • ШЖҚШҚ қуат ағытпаларындағы радио кедергілердің кернеуі бойынша талаптардың орындалуын тексеру;
  • ШЖҚШҚ тудыратын (тар жолақты электромагниттік кедергілер) электромагниттік өрістің кернеулігіне қойылатын талаптардың орындалуын тексеру; 
  • құрылғының 20-дан 2000 МГц-ке дейінгі жиілік диапазонында электромагниттік сәулеленудің әсеріне төзімділігін тексеру;
  • резервтік батареяның қызмет ету мерзімін тексеру;
  • 018/2011 КО ТР талаптарының сәйкестігіне функционалдық тестілеуді жүзеге асыру.

 

4. «Транзит» жобасын іске асыру шеңберінде электрондық навигациялық пломбаларды әзірлеу және тестілеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу:

  • жұмыс конструкторлық құжаттамасын әзірлеу;
  • электрондық навигациялық пломбалар өндірісін ұйымдастыру үшін технологиялық құжаттаманы әзірлеу;
  • электрондық навигациялық пломбалардың эксперименталды және тәжірибелік үлгілерін әзірлеу және сынау.

 

ҒТТҒЭЗ құрамы:

 

Ғарыштық техника және технологияларды әзірлеу және сынаудың ғылыми-эксперименталды зертханасының құрамында 4 жабдықтар кешені бар:

  • Ғарыш аппаратының (ҒА) радиоэлектрондық жүйелерін тестілеу және сынау өлшеу аспаптары мен аппаратурасының кешені.
  • ҒА-мен байланыс арналарын қамтамасыз ету үшін қабылдау-беру жүйелерінің радиожиілік трактілерін әзірлеуге арналған аспаптар мен аппаратуралар кешені.
  • Спутниктік навигациялық технологияларды әзірлеу аспаптары мен аппаратураларының кешені.
  • Жаңа бұйымдардың эксперименталды үлгілерін дайындауға арналған жабдықтар кешені (механикалық бөлім).

 

Өлшеу, технологиялық және механикалық жабдықтар



Байланыс ақпараты

ҒТТҒЭЗ
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС

Email

Мекенжайы

050061, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Кисловодская көшесі, 34 үй
Жол картасы