2025 жылғы 12–14 желтоқсан аралығында Астана қаласында ересектер арасында гиря спортынан Қазақстан Республикасы Кубогы өтті. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам жоғары деңгейлі спортшы қатысты.
95 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еслямов Марат иеленді. Ол — «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС «Транзит» орталығы Операциялық қызмет департаментінің Автомобиль тасымалдары басқармасының жетекші менеджері.
«Жұлқи көтеру» жаттығуында Марат Еслямов салмағы 32 кг гиряны 10 минут ішінде 135 рет көтеріп, жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетті.
Ғарыштық техника және технологиялар институтының ұжымы Марат Еслямовты осы жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа спорттық және кәсіби табыстар тілейді.