Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы «Жылдың үздік инженері – 2025» республикалық байқауының қорытындыларын жариялады. Сабыржан Жұмағали әріптесіміз «Жылдың үздік инженері» атағына ие болғаны туралы үлкен қуанышпен хабарлаймыз! Құттықтаймыз, Сабыржан! Бұл – сенің кәсіби біліктілігіңнің, табандылығыңның және Институтымыздың дамуына қосқан үлесіңнің лайықты бағасы. Саған жаңа жетістіктер, жарқын жобалар және толағай табыстар тілейміз!



