Еуразиялық экономикалық комиссияда "Навигациялық пломбалар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ашық және қауіпсіз саудасын дамыту құралы ретінде" конференциясы өтті.
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов іс-шараға қатысушыларды 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап навигациялық пломбалардың көмегімен тасымалдарды қадағалауды қолданудың басталуы туралы хабардар етті.
"Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, көптен күткен қадағалау тетігі – бұл технологиялық жаңалық қана емес, сонымен қатар ЕАЭО интеграциясы мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын логистикалық процестердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырудың пәрменді құралы", – деп атап өтті Руслан Давыдов. – Таяу уақыттың міндеті – олардың заңды айналымын қамтамасыз ету кезінде одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік және өзге де мемлекеттік бақылау түрлерінің қолданылуын барынша азайтуға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық орта құру".
ЕЭК Министрі ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісім тауарлардың санаттары мен пайдаланылатын көлік түрлерін ескере отырып, қадағалау тетігін біртіндеп енгізуді көздейтінін айтты. Пломбаларды практикаға енгізу үш кезеңде өтеді және 1,5 жылға созылады.
Бірінші кезеңде навигациялық пломбалар тауарлардың бірнеше тобына қатысты қолданылатын болады. Олардың ішінде, біріншіден, транзиттің, экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес тасымалданатын, сондай-ақ өзара сауда шеңберінде мүше мемлекеттер арасында өткізілетін санкциялық және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, оның ішінде алкоголь мен темекі. Екіншіден, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын киім, аяқ киім, техника. Үшіншіден, экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын және ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін құрамында никотин бар өнім, никотин шикізаты.
Конференцияға ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, бизнесінің, кеден және көлік-логистика саласының 150-ден астам өкілі қатысты.
Дереккөз: eec.eaeunion.org