Артқа


Марат Еслямов «Салауатты жамағат» ұлттық спорт сайысында 1-орын иегері атанды


 

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Салауатты жамағат» ұлттық спорт түрлері бойынша мешітаралық сайыс жоғары деңгейде өтті.
Осы жарыста «Транзит орталығының» жетекші менеджері Марат Еслямов «Екі қолмен серпе көтеру» дисциплинасында 16 келілік гірді 125 рет көтеріп, 1-орынды жеңіп алды.
Бұл жетістік – күштің, табандылықтың және кәсіби шеберліктің жарқын көрінісі.
Маратты лайықты жеңісімен құттықтаймыз!