Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) еліміздің инженерлік ғылымын, технологиясы мен өнеркәсібін дамытуда шешуші рөл атқарады. Академия жетекші ғалымдарды, инженерлер мен практиктерді біріктіре отырып, отандық инженерияның болашағын анықтайтын идеялар мен шешімдер туатын стратегиялық орталық болып табылады.
1991 жылы академик У. А. Жолдасбековтың бастамасымен құрылған Академия бүгінде бүкіл ел бойынша ғылыми-техникалық қызметті үйлестіретін инженерлік ойдың беделді орталығы болып табылады.
ҚР ҰИА президенті академик Б.Т. Жұмағұлов — көрнекті ғалым және мемлекет қайраткері, оның басшылығымен Академия өнеркәсіп пен білім берудегі инновациялық тәсілдерді белсенді түрде ілгерілетуде.
Академия құрылымында экономиканың негізгі бағыттарын қамтитын 12 облыстық филиал, 35 ғылыми-техникалық орталық және 12 салалық бөлімше жұмыс істейді.
ҚР ҰИА бейінді ғылыми ұйымдармен ынтымақтастыққа ерекше назар аударады. Олардың ішінде он жылдан астам уақыт бойы Академияның машина жасау және ғарыштық зерттеулер саласындағы сенімді серіктесі болған Ғарыштық техника және технологиялар институты (Институт) бар. Бірлескен бағдарламалар мен жобалар озық инженерлік шешімдерді енгізуге және ұлттық технологиялық әлеуетті дамытуға ықпал етеді.
ҚР ҰИА академигі, ҚР ҰҒА, техника ғылымдарының докторы, Институт ардагері - Мейірбек Молдабеков ғалымдар мен инженерлердің күш-жігерін саланың өзекті міндеттерін шешуге бағыттай отырып, ҚР ҰИА машина жасау бөлімшесін басқарады.
Академик М. Молдабековтың айтуынша, инженерлік ғылым — прогрестің қозғаушы күші және Қазақстанның болашағын қамтамасыз ететін технологияларды құру үшін ғалымдардың, конструкторлар мен өндірушілердің әлеуетін біріктіру өте маңызды.
Институт инженерлері жыл сайын ҚР ҰИА-ның "Жылдың үздік инженері" Республикалық конкурсына қатысады, ол инженерлік мамандықты тануға және танымал етуге ықпал етеді. Әр жылдары жетістіктері оның инженерлік әлеуетін нығайтқан Институт қызметкерлері Т.Бөпеев, А. Шамро және Р. Бықаев жеңімпаз атанды.
Ұлттық инженерлік академия мен Ғарыштық техника және технологиялар институтының бірлескен қызметі инженерлік ғылымды дамыту және Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайту үшін күш біріктіретін ғылыми ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылының жарқын мысалы болып табылады.