Артқа


Space Days Kazakhstan-2025 форумы аясында ҒТТИ панельдік сессия өткізді


"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС 2025 жылғы 9 қыркүйекте Space Days Kazakhstan – 2025 халықаралық форумының іскерлік бағдарламасы аясында спутниктік IoT және навигациялық технологияларды дамытуға арналған панельдік сессия өткізді.

 

 

Іс-шараның мақсаты - олардың орнықты даму, экологиялық және көлік қауіпсіздігі, сондай-ақ инновацияларды ұлттық және халықаралық жобаларға біріктіру үшін маңыздылығын талқылау.

 

 

Модератор Ильяс Кангожин (ҚР Парламенті Сенатының Аппараты) болды. Талқылауға Қазақстан, Ресей, Англия, Дания, Қытай және Түркия сарапшылары қатысты.

 

 

Қатысушылар көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, экология және қауіпсіздік жүйелерінің негізгі салаларын цифрландыруды қамтамасыз етудегі спутниктік заттар интернетінің стратегиялық рөлін талқылады. Қазақстанның технологиялық егемендігін қамтамасыз етуге, қол жеткізу қиын өңірлерде цифрлық сервистердің қолжетімділігін арттыруға және елдің IoT-қызметтердің жаһандық нарығындағы позициясын нығайтуға арналған ұлттық спутниктік IoT-топтамасын құру жөніндегі бастамаға ерекше назар аударылды.

 

 

Сонымен қатар, қазіргі заманғы навигациялық шешімдерді дамыту перспективалары қарастырылды: "Транзит" жүйесі және халықаралық тасымалдардың ашықтығын арттыру үшін навигациялық пломбаларды пайдалану; сервистердің дәлдігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың артуы жағдайында тұтынушыларды навигациялық-байланыстық қамтамасыз ету; пилотсыз аппараттардың автономды навигациясы үшін жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану.