Артқа


"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС "Транзит" тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы хабарлайды


/KASE, 05.09.25/ – "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (KASE тикері – IKTT) былай деп хабарлады:

 

дәйексөздің басы

 

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (бұдан әрі – Институт) инвесторларды, серіктестерді және мүдделі тараптарды Жалғыз қатысушының (Қазғарыштың 2025 жылғы 29 тамыздағы № 449/НҚ бұйрығы) "Транзит" тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.

 

Институт ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануды, сондай-ақ оның одан әрі дамуы мен функционалдығын кеңейтуді қамтамасыз етеді..

 

"Транзит" АЖ мақсаттары:

тауарларды заңсыз өткізудің жолын кесу;
жолдағы қосымша тексерулерді болдырмау есебінен транзиттік тасымалдау уақытын қысқарту;
ҚҚС бойынша түсімдердің өсуі есебінен мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюы.
дәйексөздің соңы

 

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

 

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

 

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

 

[2025-09-05]