Артқа


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ апаттар мен зілзалалар кезіндегі жедел шақырулардың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне арналған бейнероликке


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырулардың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ААШШ «МААЖ») танымал ету мақсатында Қазақстан Республикасының автожолдарында жүк және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға арналған бейнеролик туралы хабарлайды.

 

ААШШ «МААЖ» – бұл «GPS» және «ГЛОНАСС» навигациялық спутниктік жүйелерінің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін қазақстандық жүйе. Төтенше жағдай туындаған кезде (өрт, кенеттен сырқаттану, шабуыл жасау) жүргізуші немесе жолаушы дабыл түймесі арқылы жедел қызметті шақыру мүмкіндігіне ие.    

 

ЖКО-да зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы халықаралық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, жарақат алғаннан кейін бірінші сағат ішінде көмектің болмауы («Алтын сағат» қағидаты) ауыр зардап шеккендер арасында өлім-жітім санын 30%-ға арттырады.

 

«Алтын сағат» қағидатын қамтамасыз ету үшін 2011 жылы Кеден одағына қатысушы елдерде Кеден одағының 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) қабылданды, ол көлік құралдарын шұғыл жедел қызметтерді автоматты шақыру құрылғысымен (бұдан әрі - ШЖҚШҚ) жарақтандырудың міндеттілігін белгілейді. Бұл талап Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдеріне қолданылады және осыған ұқсас жүйелер ЕО (E-Call), АҚШ (Е-911) елдерінде енгізілуде.

 

Техникалық регламенттің ережелерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасында авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырулардың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды, ол 2019 жылдың 21 қаңтарында ведомствоаралық омиссияның шешімімен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

 

ҚР ИИДМ-нің 2017 жылдың 15 ақпанында №101 бұйрығымен осы жүйенің әзірлеушісі Ғарыштық техника және технологиялар институты, ААШШ МААЖ операторы болып табылады, ал ААШШ МААЖ-нің иесі болып ҚР ТЖМ анықталды.

 

ААШШ МААЖ жұмысы ШЖҚШҚ-ны көлік құралына орнату және оны ААШШ МААЖ-не тіркеу арқылы қамтамасыз етіледі. ШЖҚШҚ апат кезінде автомобильдің координаттарын автоматты түрде анықтайды және ААШШ МААЖ- не төтенше жағдай туралы хабарлама жібереді. Шұғыл шақыруды қабылдағаннан және жедел өңдегеннен кейін ЖКО туралы ақпарат ААШШ МААЖ-нен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне және одан әрі шұғыл жедел қызметтерге қажетті шараларды қабылдау үшін беріледі.


 

 

Пресс-релиз қазақ тілінде толығырақ