Артқа


"Радионавигация" Мемлекетаралық Кеңесінің 63-ші отырысы өтті


 

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – Қазғарыш) 26.08.2024 жылғы № 513/НҚ және 28.02.2025 жылғы № 86/НҚ бұйрықтарымен "ҒТТИ" ЖШС Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2023-2026 жылдарға арналған Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы іс-шараларының Қазғарыштан жауапты орындаушысы ретінде айқындады. 

 

Сонымен қатар, Қазғарыш "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС директоры Өскен Қарабайұлы Тойшыбековті "Радионавигация" Мемлекетаралық Кеңесінің 63-ші отырысына қатысу үшін уәкілетті өкіл етіп тағайындады. Осыған байланысты ҒТТИ басшылығы 2025 жылғы 9-10 шілдеде Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өткізілген "Радионавигация" Мемлекетаралық Кеңесінің 63-ші отырысына қатысты, оған Қазақстан Республикасы, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

 

Отырыс барысында ТМД-ның 2023-2026 жылдарға арналған Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылып, 2027-2030 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның жобасы талқыланды. Бағдарлама ТМД кеңістігінде радионавигациялық жүйелерді дамытуға және интеграциялауға, тұтынушыларды нақты навигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты және технологияларды бірлесіп пайдалануды дамытуға бағытталған.

 

Институттың кеңес жұмысына қатысуы оның аймақтағы навигациялық қамтамасыз етудің басым бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қосқан үлесін көрсетеді.

 

Кеңестің келесі отырысы 2025 жылғы қарашаға Душанбе қаласында өткізілуге жоспарланған https://e-cis.info/news/564/128924/.