
8 мамырда Ғарыштық техника және технологиялар институтында бірден екі маңызды күн — Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара аясында институт қызметкерлері үшін банкет және тақырыптық викторина ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара корпоративтік рухты нығайтуға себеп болды, сондай-ақ тарихи есте сақтаудың және Отан қорғаушылардың ерлігін құрметтеудің маңыздылығын еске салды.
Институт директоры О. Тойшыбеков Ұлы Отан соғысының батырларын еске алып, олардың батылдығына терең ризашылығын білдіріп, қатысушылардың барлығына бейбіт аспан, амандық пен бірлік тіледі.