Артқа


Ғарыштық техника және технологиялар институты Digital Almaty 2025 Халықаралық цифрлық форумына қатысты


 

 

Ғарыш техникасы және технологиялар институты 2025 жылғы 31 қаңтар мен 1 ақпанда Алматы қаласындағы "Атакент" көрме орталығында өткен Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумына қатысты. Форумның негізгі тақырыбы: "Өнеркәсіптік жасанды интеллект: жаңа дәуірге арналған технологиялар".

 

Институт 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру шеңберінде құрылған "Транзит" АЖ – тасымалдарды қадағалау жүйесін ұсынды. 

 

Біздің мамандар жүйенің нақты уақыттағы жұмысын көрсетті және институтта әзірленген навигациялық пломбаның прототипін ұсынды. 

 

Digital Almaty 2025 Сайты: https://almatydigital.kz/#about