Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағы және «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС Бақылау кеңесінің шешімімен 2024 жылдың 23 сәуірінде (№2 хаттама) бекітілген «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылдың 18-26 қараша аралығында «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС қызметіне 2023 жыл және 2024 жылдың 9 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жүргізілетін болады:
1) кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осы мәселе бойынша комплаенс-офицер Жадрин Бауыржан Бейбітжанұлымен +77017253161 телефоны бойынша хабарласуға болады.