
2024 жылдың 24 мамыр күні халықаралық жол жүк тасымалдарын тестілеу бойынша пилоттық жобасы басталды. Евразиалық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Келісім шартының 17 бабында қарастырылған құрастырылған уақытша интеграциялық технологиялық шешімдерді 2022 жылдың 19 сәуірінен бастап навигациялық пломбаларды қолдану арқылы тестілеу мақсатында ЕАЭО-нан тыс басталып Қазақстан Республикасының аумағы арқылы басқа ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне өтетін жүк тасымалдарын тестілеу екі бағытта өткізілуде:
- ҚР және Өзбекстан Республикасының шекарасынан бастап Беларусь Республикасына (БР) дейін (навигациалық пломбаларды ілу "Б. Қонысбаев" өткізу пунктінде ал шешу БР-ның кеден бекеттерінде жүзеге асырылады);
- ҚР мен Қытай Халық Республикасының шекарасынан бастап ҚР мен Қырғыз Республикасының шекарасына дейін (навигациялық пломбаларын ілу "Нұр Жолы" өткізу пунктінде ал шешу "Қарасу" өткізу пунктінде жүзеге асырылады).