Артқа


Өз өнімдерін таныстыру үшін отандық навигациялық пломба өндірушілер мен жеткізушілерді шақырамыз


Ғарыштық техника және технологиялар институты Қазақстан Республикасында навигациялық пломбаларды қолдану арқылы тасымалдарды қадағалауға арналған «Транзит» ақпараттық жүйесінің (АЖ) ұлттық операторы болып табылады.

 

Қазіргі уақытта институт «Транзит» АЖ-ны әзірлеуде, және жүйе 2024 жылы сынақ режимінде іске қосылады.

 

Осыған байланысты, 2024 жылдың екінші жартыжылдығында ҚР заңнамасына сәйкес навигациялық пломбаларды мемлекеттік сатып алу жоспарлануда.

 

Қазақстандық навигациялық пломбалардың сапасы, функционалдығы, «Транзит» АЖ-мен үйлесімділігі және Еуразиялық экономикалық комиссия талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында институт отандық өндірушілер мен жеткізушілерді өнімдерін ұсынуға шақырады.

 

Бұл іс-шара өндірушілерге өз құрылғыларының артықшылықтарын әлеуетті клиенттерге көрсетуге және перспективалы нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

 

Толық ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 (727) 390-34-88, +7 (727) 221-77-95, ішкі 104, 314.

 

Құрметпен,
Ғарыштық техника және технологиялар институты