
2024 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғарыш қызметі жөніндегі коллегия отырысын өткізді. Отырысқа министр Бағдат Мусин мен бағынысты кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Ғарыш техникасы және технологиялар институты (бұдан әрі – Институт) 2023 жылғы қызмет нәтижелерін ұсынып, отырысқа қатысты. Институт Қазақстандағы тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы ретінде жүзеге асыратын «Транзит» жобасы аясында «Транзит» АЖ-ні және оның функционалдығын көрсетті.
Институттың жұмысы министр Бағдат Мусиннің жоғары бағасын алды.