
Тарихта Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Оны "Наурызнама" деп атаған. «Наурыз жаңаруды бейнелейді және сондықтан оны жаңа тәсілдермен атап өту керек: мазмұнды, креативті, жаңа айрықша элементтерді енгізумен. Бұл қоғамның шоғырлануына, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Президент Наурызды биыл жаңаша тойлайтынымызды атап өтті.
- 14 наурыз – «Көрісу күні - Амал мерекесі»
- 15 наурыз – «Қайырымдылық күні»
- 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»
- 17 наурыз – «Шаңырақ күні»
- 18 наурыз – «Ұлттық киімдер күні»
- 19 наурыз – «Жаңару күні»
- 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні»
- 21 наурызды – «Ынтымақ күні»
- 22 наурыз – «Жыл басы»
- 23 наурыз – «Тазару күні»
Жалпы республика бойынша 10 мыңнан аса іс-шара өткізіледі. Ал басты мереке 21 наурызда Астанадағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Бұл мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Құрметті достар!
Сіздерді жыл басы - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Бұл мереке халқымыздың ең жақсы дәстүрлерін бейнелейді.
Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен өркендеу әкелсін!
Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймі3!