
2024 жылғы 19–20 маусымда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері 2024» халықаралық форумын өткізеді. Форумға 50-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардан 400-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде. Форум аясында ғарыш саласының өзекті мәселелері бойынша панельдік пікірталастар және жастар ғарыш форумы ұйымдастырылады.
Дереккөз: https://www.spacedayskazakhstan.com/