2024 жылғы 12 ақпанда сағат 14.58-де Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақырудың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі («ААШШ» МААЖ) операторына жол-көлік оқиғасына ұшыраған автомобильдерден шұғыл шақырулар келіп түсті. Онда, А-2 тас жолында SOS түймесімен жабдықталған екі автомобильдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Бірақ бір көлік «ААШШ» МААЖ жүйесінің деректер базасында тіркелмеген. Алайда, заңдастырудың арқасында тіркелмеген көліктен шақыру ААШШ жүйесінің байланыс орталығына түсті. Оқиға орнына зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шұғыл әрекет ету қызметтері жіберілді.
Егер Сіздің көлігіңізде SOS түймесі орнатылған болса, бірақ ол тіркелмеген болса, онда Сіз «ААШШ» МААЖ жүйесінде тіркелуіңіз керек екеніне назар аударғымыз келеді. Тіркеуді аттестатталған орнату орталықтары немесе автокөлік сатып алынған ресми импорттаушы жүзеге асырады. Тіркеу құны 7 728 теңгені құрайды және бұл бір реттік төлем.
Автокөліктің «ААШШ» МААЖ жүйесінде тіркелуін Шұғыл шақыру жүйесінің операторының веб-сайтында тексеріңіз https://evak.online