Артқа


ҒТТИ жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты
қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді


 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 11/НҚ бұйрығымен "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

 

Бұл тізбеге мынадай қызмет түрлері кіреді: навигациялық құрылғылар мен ғарыштық техникасы, сымсыз байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы, оның ішінде қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесіндегі ғылыми зерттеулер мен эксперименталды әзірлемелер.

 

Құжаттың толық мәтіні: adilet.zan.kz