2022 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеңесі Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің 3.2.8-тармағына сәйкес Шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысын (ШЖҚШҚ) орнатуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Мораторий жеке қажеттіліктері үшін бір данада әкелінген көлік құралдарына қолданылды және 2024 жылдың 1 ақпанына дейін қолданыста болды.
Қазіргі уақытта ШЖҚШҚ құрылғысын орнатуды тоқтату туралы шешім ұзартылған жоқ. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік тіркеуге қажетті көлік құралының құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлікті (КҚҚҚК) алу үшін автомобильге SOS (ШЖҚШҚ) түймесін орнату қажет. Осыған байланысты, 1 ақпаннан бастап берілген барлық КҚҚҚК куәліктері Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес ШЖҚШҚ құрылғыларының ICCID туралы ақпаратты қамтуы тиіс екенін хабарлаймыз. Осы түймені орнатуды және тіркеуді Аттестатталған орнату орталықтары (орнату орталықтарының тізімі) жүзеге асырады.
Айта кету керек, көлік құралдарын есепке алу жөніндегі мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (ААШШ МААЖ) SOS түймесі орнатылған 480 000-нан астам көлік құралы тіркелген. Күн сайын байланыс орталығының операторлары 1000-ға дейін шақыруды өңдейді, оның ішінде 10-ға жуығы шұғыл шақырулар болып табылады. Оқиғалар туралы ақпарат көмек көрсету үшін шұғыл әрекет ету қызметтеріне беріледі.
Фотосурет kolesa.kz сайтынан алынды