Артқа


Ақ тұтқыннан құтқару


 

Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген жолдары ауа-райына байланысты жабық. Алайда, жүргізушілер төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін елемей, жолға шығады.
Қарлы тосқауылға түскеннен кейін автокөлік жүргізушілері өздігінен шыға алмайды. Көптеген жолдарда ұялы байланыс операторларының желісі жоқ, сондықтан автокөлік иелері ұялы телефонның көмегімен төтенше жағдайлар қызметтерін шақыра алмайды.

 

Алайда, адамдар телефондардан қонырау шала алмайтынына қарамастан, SOS түймесімен жабдықталған көліктерден шақыру алу барлық ұялы байланыс операторлары үшін басымдық болып табылады, сондықтан бұл шақырулар Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақырудың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ААШШ МААЖ) операторына келеді. Операторлар тәулік бойы шақыруларды өңдейді және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін шұғыл әрекет ету қызметтерін жібереді.