Артқа


«ҒТТИ» ЖШС-нің соңғы буын навигациялық әзірлемелері Space Days Kazakhstan 2026 форумында қатысушылардың ерекше назарын аударды


Ғарыштық техника және технологиялар институты» халықаралық аэроғарыш форумы аясында навигациялық пломбалардың төрт моделін көпшілік назарына ұсынып, ғылыми-техникалық салалалас серіктестікті дамыту жоспарларын айқындады. Іс-шара 2026 жылғы 7–9 қыркүйекте Астанадағы Назарбаев Университетінде өтіп, 30 елден келген 1 120 қатысушыны біріктірді.

 

Форумда сөз сөйлегендердің қатарында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев болды. Іс-шараға Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те қатысты. Ғарышкермен кездесу іскерлік сессиялармен және технологиялық шешімдердің таныстырылымдарымен қатар форум бағдарламасының негізгі іс-шараларының қатарына енді.

 

 

 

Институттың көрме стендінде тасымалдарды бақылауға және жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге арналған навигациялық пломбалардың төрт моделі ұсынылды. Көрмеге қойылған өнімдер қатарында кез келген күрделі жағдайда үздіксіз жұмыс істейтін - спутниктік арналар арқылы деректерді қашықтан тасымалдайтын құрылғылар мен қуатты барынша үнемдейтін дербес үлгілер жоғары бағаланды. 

 

 

7 қыркүйек күні Институт қабырғасында навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаһандық спутниктік жүйелердің (ЖНСЖ) үздіксіз жұмысын талқылау мақсатында сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мейірбек Молдабеков болды. Қатысушыларға «Радионавигация» мемлекетаралық кеңесі хатшылығының басшысы Василий Редкозубов құттықтау сөзін арнады.

 

 

Жиын аясында Институт директоры Өскен Тойшыбеков еліміздің цифрлық көлік саласындағы навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын ұсынды. Институттың аға ғылыми қызметкері Анатолий Самсоненко спутниктік навигациялық сигналдардың сапасын бақылау, кедергілер туралы хабарлау және жергілікті жерүсті жүйелерін навигациялық қамтамасыз етудің резервтік көзі ретінде дамыту мәселелеріне тоқталды. Талқылауға «Қазаэронавигация», «Кыргызаэронавигация», «ГЛОНАСС» АҚ, ғылыми ұйымдар мен халықаралық технологиялық орталықтардың өкілдері қатысты.

 

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар сарапшылық диалогті және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Институт үшін форумның негізгі нәтижелері навигациялық шешімдерді халықаралық кәсіби қауымдастыққа таныстыру, іскерлік байланыстарды кеңейту және спутниктік навигация, жүк тасымалдарын бақылау мен навигациялық қауіпсіздік салаларындағы алдағы жұмыстың бағыттарын айқындау болды.