Артқа


Отан қорғаушы күніне орай институтта мерекелік құттықтау өтті


2026 жылғы 6 мамыр күні Отан қорғаушы күніне орай Ғарыштық техника және технологиялар институтында салтанатты құттықтау іс-шарасы өтті. Мереке барысында Институт Директоры барлық қызметкерлерді құттықтап, ел қауіпсіздігі мен ғылым саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Іс-шара аясында Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, ғарыш саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медальмен марапатталды. Сонымен қатар, Сұлтанбекова Лейла Ермекқызы әйелдер атынан сөз алып, ер азаматтарды мерекемен құттықтады. Іс-шара соңында барлық қызметкерлерге арнап дастарқан жайылып, мерекелік тағамдар ұсынылды.