Артқа


Наурыз мерекесі Ионосфера институтында атап өтілді


2026 жылғы 30 сәуірде Ионосфера институты алаңында Наурыз мейрамына арналған «Наурыз: Ғылым, дәстүр және болашақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Ғарыштық техника және технологиялар институты, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты және Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылуында жетекші ұйымдардың басшылары құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық дәстүрлер аясында шашу шашылды, сондай-ақ тұсаукесер рәсімі мен би қойылымдары ұсынылды. Ғылыми бөлім барысында «Ғарыш, Жер және болашақ» тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Қонақтар үшін ұлттық тағамдардан құралған Наурыз дастарханы жайылып, бейресми пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара ұлттық ойындармен, түрлі байқаулармен жалғасып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.