Алдын алу шаралары және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында Ғарыштық техника және технологиялар институтының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жер сілкінісі мен өрт жағдайында қауіпсіздік сақтау бойынша нұсқау өткізді.
Нұсқау барысында ТЖМ мамандары төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, жеке қауіпсіздік шараларын, эвакуациялау ережелерін және өрт сөндірудің бастапқы құралдарын пайдалану тәртібін түсіндірді.
ҒТТИ-ның барлық қызметкерлері нұсқаудан өтіп, қауіпсіздік талаптарымен танысты. Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырып, төтенше жағдайлар кезіндегі тәуекелдерді төмендетуге ықпал етеді.